Сульшер - «Манчестер Юнайтедтің» толыққанды бас бапкері
«Манчестер Юнайтед» осыған дейін команданы уақытша жаттықтырып келген Уле-Гуннар Сульшермен ресми келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.
Норвегиялық маман енді «қызыл сойқандарды» алдағы үш жыл бойы жаттықтырады. Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, ол жылына <span>7,5 млн еуро жалақы алады.</span>
Айта кетейік, <span>«Манчестер Юнайтед» өткен жылы желтоқсанда команданың бас бапкері Жозе Моуриньюды қызметтен қуып, орнына Сульшерді уақытша шақырған. Сол кездегі келісім бойынша Сульшер команданы маусым соңына дейін баптауы керек болатын.</span>
<span>Сульшер тізгінін ұстағалы МЮ өте тамаша нәтижеге қол жеткізді. Ең маңыздысы чемпиондар лигасының 1/8 финалында ПСЖ командасын жарыс жолынан шығарып тастады. Әрі Англия Премьер лигасында да сәтті өнер көрсетіп жүр. Желтоқсаннан бері </span><span>19 матч өткізіп, 14 жеңіс, 2 тең ойын және 3 жеңіліс тіркеді. </span>