Сидельников «Ақтөбеден» 25 миллион теңге өндіріп алмақ

Сидельников «Ақтөбеден» 25 миллион теңге өндіріп алмақ

Қалалық сотта «Ақтөбе» футбол клубына қарсы тағы бір талап-арыз қаралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Диапазон» сайтының жазуынша, б</span>ұл жолы қарызын даулап, бұрынғы клубын сотқа сүйреген ардагер қақпашы - Андрей Сидельников.

Ол өзі ұзақ жылдар бойы қақпасын күзеткен командадан 25 миллион 592 мың теңге көлемінде ақша өндіріп алмақшы. Бұл соманы ол жалақы бойынша берешек, ақысын кешіктіргені үшін айыппұл және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы үшін сұрап отыр.

Айта кетейік, <span>«Ақтөбе» сапында Андрей Сидельников Қазақстан чемпионатында үш мәрте жеңіске жеткен. Одан бөлек чемпионаттың күміс және қола жүлдесіне де қол жеткізген. Ол үлкен спорттағы мансабын 2018 жылдың қаңтарында аяқтаған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или