«Астана» ойыншыларына жаңа ережені түсіндірді

«Астана» ойыншыларына жаңа ережені түсіндірді

Бүгін, 27 наурыз күні «Астана Арена» спорт кешенінің мәжіліс залында «Астана» футбол клубы бапкерлер құрамы мен футболшылары ҚФФ төрешілер корпусы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл кездесуде Премьер-Лиганың инспекторы Түсеев Бағдат Мұқанұлы мен Премьер-Лиганың төрешісі Георгий Чеховский футболдағы ойын ережесіне енген жаңа өзгерістер туралы, атап айтқанда, симуляция, спортқа тән емес мінез-құлық, он бір метрлік соққылар, ойыннан тыс қалу ережелері және тағы да басқа мәселелерді түсіндірді.

Айта кетейік, астаналықтар үзілістен кейінгі келесі кездесуін 30 наурыз күні Талдықорғанда «Жетісуға» қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или