Эден Азар Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді
Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топқа түскен Бельгияның жартылай қорғаушысы Эден Азар алға қойылған мақсат пен келесі кездесулер туралы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.
- Жақсы жұмыс атқардық деп ойлаймын. Екі ойында алты ұпай жинадық. Біздің мақсат <span>— Еуропа чемпионатына уақытынан бұрын жолдама алу. Әлі де барымызды салып, жеңісті жолды жалғауымыз қажет. Маусым айында (авт. Қазақстан мен Шотландияға қарсы) қиын кездесулер күтіп тұр, - деді Эден Азар Кипрге қарсы матчтан соң УЕФА ресми сайтына берген сұқбатында.</span>
<span>Айта кетейік, Бельгия ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінің екінші матчында Кипрді 2:0 есебімен жеңді. Ал Қазақстан болса өз алаңында Ресейден 4:0 есебімен ұтылып қалды. Енді Қазақстан 9-шы маусымда Бельгиямен, арада екі күн өткенде Сан-Мариномен күш сынасады.</span>