Қазақстан Ресейден жеңілген соң нешінші орынға түсті

Қазақстан Ресейден жеңілген соң нешінші орынға түсті
news-banner7
mobile-news-top

Ресейден 0:4 есебімен жеңілген Қазақстан құрамасы І тобында төртінші орынға түсіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бельгия құрамасы алты ұпаймен жеке дара көш бастап келеді. Кипр, Ресей, Қазақстан мен Шотландия құрамаларында үш ұпайдан бар.

Кипрліктер гол айырмашылығының (5:2) арқасында екінші орында тұр. Бес гол соғып, үш гол жіберген Ресей үздік үштікті түйіндеді. Екі турдан соң 3:4 көрсеткішімен Қазақстан футболшылары төртінші орынға жайғасты. Шотландиялықтар болса, 3:4 айырмашылығымен бесінші орында келеді.

Ал топтың соңғы орнында Сан-Марино құрамасы тұр, бұл команда әзірше ұпай еншілеген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер