ЕУРО-2020 іріктеуі. І тобында тек қонақтар жеңіске жетті

ЕУРО-2020 іріктеуі. І тобында тек қонақтар жеңіске жетті

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі І тобының барлық матчы аяқталды.

Бірінші турда Қазақстаннан жеңілген Шотландия құрамасы бұл жолы Сан-Мариноға қонаққа барып, 2:0 есебімен жеңіп қайтты.

Сан-Марино – Шотландия 0:2 (0:1)

Голдар: Маклин 4 (0:1), Рассел 74 (0:2)

 

Бұл есеп Кипр мен Бельгия матчында да тіркелді. Бұл жолы да қонақтар ұтты. Азар мен Батшуаи соққан жылдам голдардың арқасында бельгиялықтар матч тағдырын тез шешіп тастады.

Кипр – Бельгия 0:2 (0:2)

Голдар0:1 – Азар (10), 0:2 – Батшуаи (18).

Айта кетейік, бұл топтың тағы бір матчында Қазақстан құрамасы өз алаңында Ресейді қабылдап, 0:4 есебімен жеңілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или