Артем Дзюба: Жеңілсек, бұлар тағы да ұтылды деп табалар едіңіздер

Артем Дзюба: Жеңілсек, бұлар тағы да ұтылды деп табалар едіңіздер

Ресей құрамасының шабуылшысы Артем Дзюба 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстанға қарсы матч (0:4) туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Қазақстан секілді команданы жеңген қуаныш әкеле ме? Шотландиямен қалай ойнағанын есіңізге түсіріңізші. Қазіргі таңда футболда әлсіз командалар жоқ. Гибралтардан басқа бір құраманы болсын атап көріңізші. Егер біз ұтылып қалсақ, бұлар тағы да жеңілді деп табалар едіңіздер.

Қазақстан - футбол ойнай білетін мықты құрама. Оған қоса жасанды алаңда ойнадық. Өз жұмысымызды толыққанды орындадық. Біз бұл үшін мақтанбаймыз, — деді матчтан соң Артем Дзюба «Чемпионат» сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, «Астана-Аренада» өткен ойында Ресей құрамасы Қазақстанның қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или