Сергей Малый: Кейбір сәтте өрескел қателіктер жібердік
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясында өткен Ресейге қарсы матч (0:4) туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
- Шотландияға қарсы ойында күшіміз болды. Алғашқы ойын болғандықтан сәл шапшаң болдық па. Сол себепті жақсы ойын көрсеттік. Ал Ресейге қарсы ойында олар фаворит саналды және алғашқы минуттан шабуылдай жөнелді. Кейбір сәтте болмайтын қателіктер жасадық. Сол себепті гол жібердік, - деді Сергей Малый матчтан соң «Qazsport» арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында Ресейден 4:0 есебімен жеңіліс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или