Қазақстан - Ресей: Абзал Бейсебеков өз қақпасына соғып алды

Қазақстан - Ресей: Абзал Бейсебеков өз қақпасына соғып алды

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы матчта қонақтар үшінші голын соқты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

«Астана-Арена» стадионында өтіп жатқан ойынның 19-ші минутында қонақтар сапынан Денис Черышев мергендік танытып, құрамасын есепте алға шығарған болатын. Ал бірінші таймның соңында екінші голын соғып, дубль авторы атанды.

52-ші минутта Артем Дзюба қорғаныстағы өрескел қателікті сәтті пайдаланып кетті. Ал арада он минут өткенде Оздоевтың соққысынан кейін Абзал Бейсебеков өз қақпасына соғып алды. Есеп - 4:0.

<span>Айта кетейік, м</span>атчты Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или