Қазақстан - Ресей матчында есеп ашылды
2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы матчта есеп ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>«Астана-Арена» стадионында өтіп жатқан ойынның 19-ші минутында қонақтар сапынан Денис Черышев мергендік танытып, құрамасын есепте алға шығарды.</span>
<span></span>
Матчты Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалап отыр.
Айта кетейік, бұл ойынды тікелей эфирде Qazsport, Qazaqstan телеарналарынан бөлек, Ресейдің Матч ТВ арнасы көрсетіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или