ҚР президенті Қазақстан - Ресей матчын тамашалап отыр
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы матчты тамашалауға келді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан - Ресей матчын «Астана-Арена» стадионында жанкүйерлік етіп отыр.
Айта кетейік, бұл ойынды тікелей эфирде Qazsport, Qazaqstan телеарналарынан бөлек, Ресейдің Матч ТВ арнасы көрсетіп жатыр.
21 наурыз күні өткен алғашқы ойында Шотландия құрамасын 3:0 есебімен ұтып кеткен Қазақстан Еуропа футбол мамандарын естен тандырды.
Былтыр жазда өз жерінде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, айды аспанға шығарған Ресей құрамасы осыдан үш күн бұрын Бельгияға есе жіберді. Еуропа біріншілігіне жолдама алуды мақсат тұтатын ресейліктер екінші турда сөзсіз жеңіске жеткісі келеді.