Қазақстан - Ресей кездесуінің тікелей трансляциясы
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Ресейді қабылдайды, деп жазады prosports.kz.
21 наурыз күні өткен алғашқы ойында Шотландия құрамасын 3:0 есебімен ұтып кеткен Қазақстан Еуропа футбол мамандарын естен тандырды. Бірінші турда ерлік жасаған жерлестеріміз екінші турда жеңісті жолын жалғастыра ала ма?
Былтыр жазда өз жерінде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, айды аспанға шығарған Ресей құрамасы осыдан үш күн бұрын Бельгияға есе жіберді. Еуропа біріншілігіне жолдама алуды мақсат тұтатын ресейліктер екінші турда сөзсіз жеңіске жеткісі келеді.
Қазақстан-Ресей матчы бүгін, 24 наурыз «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы жергілікті уақыт 20:00-де.
Бұл ойынды тікелей эфирде Qazsport, Qazaqstan телеарналарынан бөлек, Ресейдің Матч ТВ арнасы және өзге де жақын шетелдік телеарналар көрсетеді деп күтілуде.