Ресеймен тең ойнағанбыз

Ресеймен тең ойнағанбыз

Қазақстан мен Ресей құрамалары бір-біріне таңсық емес. Сан мәрте алаңда жолықпаса да, жолдары түйіскен. Бірақ, ертеңгі кездесу алғашқы ресми ойын болмақ. 

Бұған дейін қос құрама екі мәрте жолдастық кездесу өткізді. Қазақстан құрамасының ең ірі жеңілісі осы Ресейге қарсы өткен ойында тіркелді. Қазақстан құрамасының 6:0 есебімен жеңілген кезі ел есінде.

2015 жылдың 30-шы наурызында қос құрама "Химки аренада" тағы кездескен. 4 жыл бұрын өткен ойында 0:0 есебі тіркелді. Сол кездесуге Қазақстаннан бір топ журналист болып барған едік. Юрий Красножан кіл мықты ойыншыларды қатарға қосты, ал Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло экперименталды құрамды шығарды. Дегенмен аталған матчқа қатысқан кейбір ойыншылар қазір танымал футболшыларға айналды. Соның бірі - Артем Дзюба. Бұл ойынша ертеңгі кездесуге қатысады. 

Әрине, содан бері Ресей құрамасы жаңарды. Өз елдерінде өткен соңғы әлем чемпионаты алысқа шапты. Головин мен Черышев секілді әлемдік жұлдыздары шықты. Біріншісі ертеңгі ойынға қатыса алмайды, екіншісі нағыз бабында. Денис Черышев "Астана аренда" ойнап көрген және екі мәрте сол алаңда жеңіске жеткен. 

Ресейдің танымал спорт комментаторы Константин Генич алдағы матчқа өз болжамын ұсынады.

Қазақстан құрамасы Шотландияны айқын жеңіп, бәрімізді таңқалдырды. Әрине, бұған өзге факторлар әсер етті, алыстан ұшып келу, уақыт айырмашылығы және жасанды алаң. Шотландиялықтар бұған дайын болмай шықты. Бірақ, Ресей құрамасы мұны ескеріп, жеңіске жету үшін барын салады.  

Қазақстан құрамасы — осал емес. Бірақ, Ресей құрамасы бір бас жоғары екенін көрсетуі керек. Біздің жігіттер әлем чемпионатының ширек финалында ойнаған, ал қазақтар болса ол жерге шығып көрген жоқ. 

Черчесов құрамаға бірқатар өзгерістер енгізу керек,   Головин жоқ, да, Кузяев жарақат алды, Баринов шақыртылмады. Қазақстан құрамасында бізге жақсы таныс Зайнутдинов бар, бір кездері Ресейде ойнауы мүмкін деген Меркель бар, өзге де жақсы жігіттері бар. Шотландияны жеңген командаға құрметпен қарау керек. Сонда да, жеңіс қонақтарда болады деп есептеймін, 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или