Исламбек Қуат: Ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді
- Ресейлік баспасөз Қазақстан құрамасын оңай жеңеміз деп жазып жатыр. Не айтасыз?
- Жаза берсін. Олардың жұмысы ғой. Ертең ойын көрсетеді.
-<span> </span>Шотландиямен ойындағы жеңісті тойлап болдыңыздар ма?
- Ешқандай тоқмейілсу жоқ. Ресей құрамасымен ойынға дайындалып жатырмыз. Жақсы қарсылас. Біз өз деңгейімізді көрсеттік, әрі қарай дайындаламыз.
-<span> </span>Ресейдің орталық аймағындағы үш футболшысы Зобнин, Кузяев және Головин ертең алаңға шықпайды. Бұл туралы талқылап тастадыңыздар ма?
- Ресей құрамасының барлық ойыншылары жақсы. Орталық алаңда мәселе болады деп ойлаймын.
-<span> </span>Капитандық міндет атқарудың әсері қандай?
- Капитан болу үлкен абырой және жауапкершілік жүктейді. Ел намысын қорғайтын барлық ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді. Жасыл алаңда барлығы бірдей.
-<span> </span>Бельгия-Ресей ойынын қарадыңыздар ма?
- Біздің ойыннан кейін қарадық. Екі команда да жақсы ойнады. Маған ұнады.