Георгий Джикия: Жарақат алғандарды ауыстыратын ойыншылар бар

Георгий Джикия: Жарақат алғандарды ауыстыратын ойыншылар бар
Ресей құрамасының қорғаушысы Георгий Джикия Қазақстан-Ресей ойыны алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Бельгиядан жеңілгеннен кейін Қазақстанға дайындық қалай болды?

- Кеше күні бойы ұштық. Сол себепті бүгін қарсыласты зерттейміз. Қарсыластың қалай ойнайтынын білеміз. Алайда, бүгін нақты дайындаламыз.

-<span> </span>Ресей құрамасының қатарында жарақат алған ойыншылар көп. Команданың басты мәселесі осы ма?

- Мәселе деген сөзді жақсы көрмеймін. Алайда, оларды ауыстыратын ойыншылар бар. Ешқандай мәселе болмайды.

- Өткен ойында орталық қорғаушы болып ойнадыңыз. Қаншалықты ыңғайлы?

- Маған бұл позиция таныс. Сол себепті ешқандай қолайсыздық болған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или