Ресейлік БАҚ: Қазақстан Ресей мен Бельгияға бәсекелес болады

Ресейлік БАҚ: Қазақстан Ресей мен Бельгияға бәсекелес болады

Ресейлік Livesport басылымы Қазақстан құрамасы I тобында екінші жолдамаға таласатынын, сондай-ақ, Бельгия мен Ресейге бәсекелестік туғызатынын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Әр топтан ЕУРО-2020 турниріне екі команда ғана жолдама алатынын ескерсек, <span>I тобында Қазақстанға сенетіндер аз екені белгілі. </span>

<span>Қайта бабына келе бастаған Шотландиядан бөлек Қазақстан құрамасы Ресей мен Бельгияға бәсекелес болады. Ал Кипр мен Сан-Мариноның жағдайы тым қиын. </span>

<span>Әрине, көшбасшы Бельгия екені сөзсіз. Ал екінші орынға талас қызу болады. Көп нәрсе Ресейдің іріктеудегі нәтижесіне байланысты болмақ. </span>

<span>Қазақстан Шотландияға қарсы тамаша ойнады. Қарсыласының қорғаныстағы әлсіз тұстарын пайдаланып, қарымта шабуылға сәтті шығып отырды, - деп жазды ресейлік басылым.</span>

Айта кетейік, Шотландияның қақпасына жауапсыз 3 гол соққан Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 24 наурыз күні Ресейге қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или