Бородюк: Қазақстанның Шотландияны ұтқаны сенсация емес

Бородюк: Қазақстанның Шотландияны ұтқаны сенсация емес

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк «Спорт-Экспресске» берген сұқбатында қазақстандық команданың Шотландияны ірі есеппен ұтқанына таңғалмағанын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

- Жігіттерді жеңіспен құттықтағым келеді, - деді Бородюк. – Жарады, жақсы футбол көрсетті, әрі қалай дамып, нәтиже көрсетулеріңді тілеймін.

- Кездесудің осындай нәтижесі сіз үшін сенсация ма?

- Жоқ, біз бірнеше жыл Қазақстан құрамасында жұмыс істегенімізде, Владимир Никитенко жаттықтыратын жастар сапында жақсы буын өсіп келе жатты – бұл жігіттердің бірінші командаға келетіні көрініп тұрды. Соңғы жиында бірнеше ойыншыны шақырып, әлеуеттерін көрді: Зайнутдинов, Вороговский, Ерланов...

- Яғни, таңғалған жоқсыз. Жаңа буын осынша таланатты болғаны ма?

- Қайталап айтайын, ешқандай сенсация көріп тұрғаным жоқ. Біріншіден, мен айтқан буын өсті. Екіншіден, шотландиялықтар өздеріне тым сеніп келді. Әдетте сол үшін жазаланады.

- Британиялықтар ауылға бара жатырмыз деп ойлаған ғой?

- Иә, кей сұхбаттарын оқысаң солай... Бірақ мен бірінші орынға Қазақстан құрамасының еңбегін қояр едім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или