Оралхан Өміртаев: Басты міндетім - ұлттық құраманың жеңіске жетуіне көмектесу

Оралхан Өміртаев: Басты міндетім - ұлттық құраманың жеңіске жетуіне көмектесу

Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі алдында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.

- Оралхан, жақында ғана УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Грузиямен өткен кездесуде алғаш рет ұлттық құраманың қатарында алаңға шықтыңыз. Кейін Молдовамен өткен жолдастық ойынға қатыстыңыз. Осы екі ойыннан қандай естелік қалды?

- Екі ойында да салмақты қарсыластармен кездестік. Әсіресе, Грузиямен өткен ойын есте қалды. Өйткені, менің алғашқы ойыным еді. Сонымен қатар, матчтың ресми мәртебесі болды.

- Ұлттық құраманың қатарында екі ойын өткізіп, екі рет гол соқтыңыз. Өз алдыңызға қандай талап қоясыз?

- Менің міндетім – статитистика жұмысымен айналысу емес. Ең бастысы – ұлттық құраманың жеңіске жетуіне көмектесу.

- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның алғашқы қарсыласы Шотландия құрамасы болмақ. Қарсыласқа қалай дайындалу қажет?  

-<span> </span>Біздің құрамада Михал Билек бастаған білікті мамандар бар. Олар Шотландияға қарсы қалай ойнау қажет екенін біледі. Жаттықтырушылар штабының талабын орындау біздің басты міндетіміз. Қарсыласпен жоғары деңгейде ойнау керек.

- Михал Билектің ұстанымы қандай? Молдовамен өткен ойыннан кейін жеке кеңестер бермеді ме?

- Біздің құраманың бас бапкері ойын аяқталған соң барлық футболшыларға алғысын жеткізді. Барлығымызды жеңіспен құттықтады.

-<span> </span>Маңызды турнир алдында жанкүйерлерга айтар тілегіңіз...

- Ең алдымен Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Жанкүйерлерді стадионға шақырамын. Жанкүйерлер қолдауы біз үшін өте маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или