Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың ойындарына қатыспайды
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуы жиынынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Бауыржан Исламхан </span>2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды. Оның орнына қосалқы тізімнен қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев шақырылды.
Айта кетейік, Оралхан Өміртаев ұлттық құрамада 2 ойын өткізіп, 2 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или