Алан Касаев: «Қайсар» әлсіз команда десем...»

«Динамо» футбол клубының жартылай қорғаушысы Алан Касаев «Қайсармен» өткен матч соңынан ойымен бөлісті.

«Ойын қиын болды, қанша шабуылдасақ та «Қайсар» сауатты қорғана білді. Шынымды айтсам, Қазақстан премьер-лигасының клубтары мұнша қрасылық көрсете алады деп ойламаппын, «Қайсарды» әлсіз команда деп есептесем, керісінше екен. Қызылордалықтар бірінші таймда мықты қарсылық көрсетті, екінші кезеңде ғана сәл босаңсып қалды», - деді Касаев.

Естеріңізге сала кетсек, ОЖЖ аясында «Динамоға» қарсы жолдастық кездесу өткізген «Қайсар» кеше 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или