Мирзад Механович: Біз ойынды бақылауда ұстадық
«Ақтөбе» қақпасына соғылған жеңісті голдың авторы «Ордабасының» босниялық жартылай қорғаушысы Мирзад Механович матч туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
— Бұл шынымен қиын ойын болды. Бізге құрама ойындарына байланысты берілетін үзіліске жақсы көңіл күймен шығу үшін жеңу маңызды болды. Өздеріңіз көргендей, біз ойынды толықтай өз бақылауымызда ұстадық, бірнеше мүмкіндіктерге ие болдық, шабуылдың соңғы бөліктерінде аздаған қателіктер жіберіп жаттық, бірақ ең бастысы — біз бүгін жеңіске жеттік. Қазір бізде бірнеше демалысқа арналған күн бар, одан кейін біз көбірек мықты дайындалып, өткен екі ойын секілді үлкен құлшыныспен ойнайтын боламыз. Біз үшін бастысы алға жарақатсыз қадам басу, біз үшін аздаған сəттіліктің өзі — келесі ойындарда жеңуге көмектеседі деп ойлаймын.

— Бұл екі ойындарда Алексей Щеткин өзін жақсы қырынан көрсетті, оның ойыны жайлы не ойлайсың?

— Ол өте жақсы ойнайды жəне бізде жақсы түсіністік бар. Біз оның өте білікті футболшы екенін білеміз, өткен ойынның нəтижесінде ол үш голдық пас берді, ал бүгін жеңісті голды соқты жəне ол біздің команданың маңызды ойыншыларының бірі болып табылады.