Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды prosports.kz.
Жеребе нәтижесінде ширек финалдың жұптары төмендегідей:
«Аякс» - «Ювентус»
«Ливерпуль» - «Порту»
«Тоттенхэм» - «Манчестер Сити»
«Барселона» - «Манчестер Юнайтед»
Жартылай финалда «Аякс» - «Ювентус» жұбының жеңімпазы «Тоттенхэм» - «Манчестер Сити» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал «Ливерпуль» - «Порту» теке-тіресінің жеңімпазы «Барселона» - «Манчестер Юнайтед» жұбында үздік шыққан командамен жолығады.
Ширек финал ойындары 9/10 және 16/17 сәуірде өтеді.
Чемпиондар лигасының соңғы үш жылында үздік шыққан <span>«Реал» биыл «Аякс» клубынан аса алмады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или