Виктор Кумыков: «Жеребеге көңілім толды»

«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне ЕУРО-2016 жеребеcіне байланысты сұхбат беріп пікірімен бөлісті.

«Міндетті түрде Голландия құрамасын ерекше атап өткім келеді, олар – басты фаворит. Чехия мен Түркия құрамалары да мықты. Жеребеге көңілім толды, бұдан да қиын қарсыластар түсуі мүмкін еді», - деді Кумыков.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы жеребенің қорытындысы бойынша А тобына түсті. Жерлестеріміз – Голландия, Түркия, Чехия, Латвия және Исландия құрамаларымен күш сынасады.

Айта кетер жайт, 5-ші наурызда Юрий Красножан ұлттық құраманың бапкері ретінде Литваға қарсы алғашқы матчын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или