Григорчук: Команда жылдам голдан кейін, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді

Григорчук: Команда жылдам голдан кейін, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді

«Астана» Премьер-Лиганың алғашқы турында «Ақтөбені» қабылдап 4:1 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап беріп, ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

- Команда екінші таймда босаң ойнағандай көрінді. Бұлай ойнауға ойын есебі мүмкіндік бергеннен кейін солай болды ма?

- Мен олай айтпаған болар едім. Біз ойынның кейбір сәттерінде өз жоспарымызға сай ойын көрсете алмадық. Дегенмен, босаңсу болды дей алмаймын.

- Юрий Перцух неліктен алаңда аз ғана ойын өткізіп жүр?

- Біздің құрамда ойынға шығуға мүмкіндігі бар 20 футболшы бар. Оның 11-і негізгі құрамда алаңға шығады. Бұл сұрақты қосалқы құрамда қалған 9 ойыншыға қатысты да айтуға болады. Бұл командадағы жағдайларға байланысты қабылдаған бапкерлер құрамының шешімі.

- Жылдам гол командаға қосымша күш берді дей аласыз ба?

- Жоқ, керісінше ол біздің көңіл-күйімізді түсіргендей болды. Біздің футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Команда жылдам голға қарамастан, тез ес жиып, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді.

-  Юрий Логвиненко алаңда бірнеше позицияда ойнай алатын бесаспап ойыншы. Оны «Астана» құрамында алдағы уақытта орталық жартылай қорғаушының міндетін атқаратын ойыншы ретінде көреміз бе?

- Ол шынымен де нағыз бесаспап ойыншы. Мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін. Ол біздің тактикалық жүйе бойынша 3-5 позицияда еркін ойнай алады. Ол қазіргі уақытта орталық жартылай қорғаушының міндетін атқаруда. Бірақ ол маусым барысында алаңның басқа бөлігінде ойнауы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или