«Астана» алғашқы турда «Ақтөбені» оңай ұтты
Ел чемпионы «Астана» Қазақстан Премьер лигасының 1-ші турында «Ақтөбе» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық команда маусым аралық үзілісте құрамына бірқанша өзгеріс енгізгенімен, жалпы жақтан бұрынғы деңгейін сақтап қалды. Олардың биылғы мақсаты да тек чемпиондық болмақ. Ал ақтөбелік команда биыл да жазаға ұшырады. Ел біріншілігін тағы да -6 ұпаймен бастап отыр. Жаңа ойыншы тіркей алмады. Қос команданың жайы екі бөлек.
Матчта есепті қонақтар ашқанымен, алаң иелері көп кешікпей елдегі ең мықты клубтың кім екенін еске сала білді. Қорытынды есеп - 4:1.
«Астана» - «Ақтөбе» - 4:1

Гол соққандар: 19’ Томасов, 33’ Логвиненко, 38’ Томасов, 94’ Перцух - 3' Айымбетов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или