«Мен үшін үлкен футбол енді басталды»

«Мен үшін үлкен футбол енді басталды»

Кеше «Жетісу» ФК сапында өзінің алғашқы ресми матчын өткізіп гол соққан Айбар Жақсылықов Prosports.kz тілшісіне сұқбат берді.

- Айбар, «Жетісу» сапындағы бірінші голыңыз құтты болғай. Соңғы минуттарда алаңға шықсаңыз да көзге түсіп үлгердіңіз. Әсеріңізбен бөліссеңіз енді...

- Ойыннан керемет әсер алдым. Маған сенім артқан бапкерлерге рақмет. Шынымды айтсам осы сәтті ұзақ күттім. Мен үшін үлкен футбол енді басталды.

- Абылайхан Махамбетов та өзінің дебюттік голын соқты, ол жігіт те қанаттанып қалды ма?

- Әрине, қуанышында шек жоқ.

- Биылғы маусымға команда басшылығы қандай мақсат қойып отыр? Бірінші алтылықта тұрақтау ма, әлде «Астана» мен «Қайратты» жоғарыдан ысыру ма?

- Еурокубок турниріне қатысқымыз келеді. Минимум 4-ші орын алуды көздейміз.

- Сіз Талдықорған тумасысыз, ҚПЛ-да өз өлкеңіз үшін "топить" етіп жүрген бақытты футболшысыз. Неге қазір командаларда жергілікті жас ойыншылар саны аз?

- Бұл сұраққа жүйелі түрде жауап бере алмаймын. Қиын. Бірақ дамуды байқап жатырмын. Мысалы біз жастардан құралған «Жетісу Б»-дан негізгіге іліндік. Былтырғы маусымда 13 гол соққам.

- Мықты көрсеткіш. Қазір өз алдыңызға қойған мақсатыңыз қандай?

- Осы, бірінші командада тұрақтап көп гол соғу, клубқа пайдамды тигізу.

- Соңғы сұрақ, «Жетісу Б»-дан ауысқан соң жалақыңыз қаншалықты жақсарды?

- «Жетісу Б»-да аса көп болған жоқ айлық. Бірақ, сол сомаға 50% қосылды, жасырмаймын.

<iframe src="https://vk.com/video_ext.php?oid=-96378274&id=456239552&hash=fa4e2a5ee402e417" width="640" height="360" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или