«Рома» Ди Франческоны қызметінен босатты

«Рома» Ди Франческоны қызметінен босатты

Эусебио Ди Франческо италиялық «Романың» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«Рома» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Портудан» ұшып кеткеннен кейін клуб басшылығы Ди Франческоны қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Матчтан кейін бапкер баспасөз-мәслихатына келмеген. Енді УЕФА маманға айыппұл салуы ықтимал.

Ал Италия чемпионатында «Рома» 26 матчтан соң 44 ұпай жинап, бесінші орында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или