«Тобыл» - «Ертіс» ойынына Александр Гаузер төрелік етеді
«Тобыл» - «Ертіс» ойынына Александр Гаузер төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясының төрелік ету және қадағалау департаменті Премьер-Лиганың 1 турында қызмет атқаратын төрешілер тобын анықтады. Павлодарлық «Ertis» пен қостанайлық«Тобыл» арасындағы ойында Александр Гаузер (Петропавл) бастаған арбитрлар бригадасы қызмет етеді.

Оған Денис Виноградов және Рустам Бейжанов (екеуі де Петропавл) көмектеседі. Матч инспекторы болып Геннадий Жуковский (Ақтөбе) тағайындалды. Қосалқы төреші: Антон Кучма (Көкшетау)

Естеріңізге сала кетейік, маусымашар матчы 9 наурыз күні сағат 17:00 бастау алады. Тікелей түсірілім PFLK-TV арнасында.