«Ақжайық» бразилиялық ойыншымен толықты
Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайық» бразилиялық Мелло Корбеллинимен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Propsorts.kz сайты клбутың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бразилияның Порто Алегре қаласында 1992 жылы дүниеге келген футболшы осы күні Италия елінің азаматы.
Атақты «Ботафого» футбол клубының мектебінен өткен ойыншы өзінің туған командасының негізгі құрамына іліге алмады.
2012 жылы мұхит асып, Португалияға келген Мелло жергілікті «Ос Лимианос» клубымен келісім-шартқа отырады. Ол жерде 9 ойынға қатысқан ол 2 гол соғып көзге түседі.
Кейін Польша чемпионатында өнер көрсететін «Рух» командасына ауысады. Польша чемпионатында өткізген 27 ойынында 4 голдың авторы атанады.
«Ақжайық» сапына ауысқанға дейін Польшаның жоғары дивизионында өнер көрсететін «Заглембе» футбол клубының намысын қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или