Дмитрий Шомко: Біз «Қайратты» барынша зерттедік
«Астана» футбол клубы 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Суперкубогы үшін өткен ойында алматылық «Қайратты» 2:0 есебімен жеңді.
Кездесу соңында елорда командасының вице-капитаны Дмитрий Шомко ойын туралы өз пікірімен бөлісті:
- «Астана» бүгін «Қайраттан» барлық жағынан басым болды. «Қайрат» бұл кездесуге лайықты деңгейде дайын болмады дей аласыз ба?
- Мен олай ойламаймын. «Қайрат» ойынды өте жақсы бастады. Алайда, біз ойынға құрған жоспарымызды толықтай орындадық. Нәтижесінде, ойынды және Суперкубокты жеңіп алдық.
- Команда қатарында жақында қосылған Ротариу жайлы не айтасыз? Ойын мәнері тұрғысынан Томасовқа ұқсайтын сияқты...
- Оның командамен жаттығу жұмыстарын өткізгендігіне көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен, ол өзін бүгінгі кездесуде барынша жақсы көрсете алды. Және осылай жалғастыра беруі қажет. Менің ойымша, Марин екеуінің ойын мәнерлері өзгеше. Егерде оны Мариннің позициясына қоятын болсақ, екінші Томасов болуы әбден мүмкін.
- «Қайрат» осы маусымда прессингке баса назар аударуда. Өткен жылғы «Қайратпен» осы жылғыны салыстыра аласыз ба?
- Қарсылас кездесу барысында жоғары қарқынмен прессингжасады. Дегенмен, біз оған лайықты деңгейде төтеп бере алдық. Олар өз жанкүйерлері алдында ойнағандықтан, осылай боларын білдік.
- Бүгінгі алаң сапасына қандай баға бересіз?
- Кешегі алаң тамаша болатын. Ал бүгін ауа райы кері  әсерін берді. Егер жаңбыр болмаған жағдайда, қызығырақ болар ма еді. Менің ойымша, бұл жасыл алаң Қазақстандағы ең үздіктердің бірі.
- Бүгін сіздер «Қайраттың» шабуылын тоқтата алдыңыздар. Бұл «Қайрат» ойыншыларының қателігі ме, әлде «Астананың» шеберлігінің мықтылығынан ба?
-Біз «Қайраттың» барлық жекелей ойыншыларын зерттеп, ойынға тыңғылықты дайындалдық. Бүгінгі ойында біздің ойыншылар барлық жағынан басым болды.
- Григорчук матч алдында Кабананга осы жылы өзгеше ойын көрсетеді деп айтқан еді. Ал бүгін ол алаңға шығып, ойын тағдырын шешіп кетті. Оған не әсер етті деп ойлайсыз?
- Өткен жылы ол біздің құрамға қосылғанға дейін 2-3 ай бойы алаңға шыққан жоқ. Ол гол соқпағанымен, біздің чемпиондығымызға орасан зор үлес қосты. Ол осы маусымды екі голмен бастап отыр. Бұйырса, Премьер-Лиганың үздік сұрмергені болу оның қолынан келеді деген ойдамын.
- Алда ЕУРО-2020 турнирінің Шотландия және Ресейге қарсы іріктеу кезеңі аясындағы ойындар бар. Мүмкіндігіміз қаншалықты?
- Небәрі 20 күннен кейін құрама ойындары жалғасады. 15 наурыз күні жиналып, алдымызға мақсат жүктеледі. Бапкерлер құрамы қандай ойын жүйесін таңдайтындығын көсретеді.