Зайнутдинов РПЛ-дің топ-10 трансферінің қатарына қосылды
Ресейлік Gazeta.ru порталы осы қыста орын алған 10 маңызды трансфердің тізімін жасады. Бұл тізімде «Астанадан» «Ростовқа» ауысқан қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов те бар, деп хабарлайды Prosports.kz.
Солтүстіктегі көршіміздің бұқаралық ақпарат құралдары жас қазақстандықты тізімде тоғызыншы сатыға қойған.
«Қазақстандық 20 жастағы гений. Оны өз еліңде солай атайды екен. Ростов кімді сатып алды»?
«Бактиер Зайнутдинов 19 жасында «Тараз» футбол клубында өнер көрсетті. Онда 27 матчқа қатысып, жеті гол соқты. Әрі Премьер-лиганың «Ең үздік жас ойыншысы» және «Маусым ашылуы» сыйлығын алды. Бір жылдан кейін ол Қазақстанның ең атақты клубы - «Астанаға» ауысты. Ел чемпиондарының сапында 27 ойында бес гол соқты. Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Қазақстандық футболшының басты ерекшелігі - ол өте белсенді әрі бұрыштама кезінде баспен жақсы ойнайды. Мысал үшін оның стандарттан төрт гол соққанын айтсақ болады», - деп жазады басылым.
«Бұл трансферді «Ростов» үшін нағыз сыйлық деуге болады. Шынын айтқанда, Аяз Гулиев «Спартакқа», Дмитрий Скопинцев «Краснодарға» ауысқаннан кейін команданың жартылай қорғанысы қаңырап бос қалған еді. Трансферлік терезе жабылғанға дейін командада тек төрт қорғаушы ғана қалған», - деп жазады Gazeta.ru.
«Зайнутдиновтың тәлейіне орай дәл қазір командада конкуренция аз. Осыған орай ол тез арада алаңға шығуы, тіпті негізгі құрамға ілігуі мүмкін. «Краснодарға» қарсы Ресей Кубогындағы маңызды матчта мүмкіндік алуы да ғажап емес. Оның шабуылда белсенділігі мен гол соғуға деген ынтасын ескерсек ол болашақта шабуылшы да бола алады», - деп жазылған басылымда.