«Ордабасы» Сейдахметтің трансфері жайлы ақпаратты жоққа шығарды

«Ордабасы» Сейдахметтің трансфері жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Шымкенттік «Ордабасы» командаға Еркебұлан Сейдахметтің ауысуы туралы ақпаратқа пікір білдірді. 

Клубтың баспасөз-қызметі БАҚ беттерінде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. 

«Негізгі командамыз толығымен құралып бітті деп айтуға болады. Біз бұл ойыншыға қызығып жатқан жоқпыз», - деді шымкенттік клубтың президенті Нұржан Қатаев. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде ресейлік <span>«Уфа» мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет </span>«Ордабасы» сапына ауысады деген ақпарат шыққан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или