Әлем футболы

«Qazsport» Еуропаның топ-5 лигасын тікелей эфирде көрсетеді

«Qazsport» Еуропаның топ-5 лигасын тікелей эфирде көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Qazsport» телеарнасы алдағы уақытта Еуропаның бес ірі чемпионатын тікелей эфирде көрсетуді жоспаралап отыр.

Барша қазақстандықтарға қол жетімді жалғыз спорттық телеарна осылайша футбол жанкүйерлеріне шаттық сыйлауға жақын.

Бізге жеткен ақпаратқа сенсек, жақын арада Англия Премьер лигасы, Испания Ла лигасы, Италия А сериясы, Германия Бундеслигасы және Францияның Бірінші лигасы «Qazsport» арқылы жанкүйер назарына жол тартады.

Естеріңізде болса, кеше «Qazsport» телеарнасы UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтаттынын мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер