Оралхан Өміртаевтың голы Қазақстанға жеңіс сыйлады

Оралхан Өміртаевтың голы Қазақстанға жеңіс сыйлады

Түркияда футболдан Қазақстан және Молдова құрамалары арасында жолдастық кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Түркияда өткен кездесуде Қазақстан құрамасы аз есеппен қарсыластарын жеңді - 1:0.

Екі құрама бірінші кезеңде көзге түсерлік ойындарымен ерекшелене қоймады.

Бұл ойын футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі алдындағы ұлттық құраманың дайындығы болып табылады.

Естеріңізге сала кетелік, біздің құрама I тобында Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр, Сан-Мариномен сынға түседі.

Қазақстан футболшылары іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында 21 наурызда Шотландия құрамасын қабылдайды. Одан кейін 24 наурызда Астанада Ресей құрамасымен кездеседі.

Қазақстан - Молдова 1:0 (0:0)

Гол: Өміртаев 61 (1:0)

Негізгі құрам.

Қазақстан: Непогодов, Ерланов, Малый, Тұрсынбай, Мирошниченко, Шомко, Перцух, Нұрғалиев, Федин, Мұртазаев, Тұрысбек

Молдова: Челядник, Жардан, Граур, Антон, Посмак, Розгонюк, Антонюк, Амброс, Милинчану, Санду, Цуркан

21 ақпан. Анталья. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или