Түркістан облысында жаңа футбол клубы құрылады

Түркістан облысында жаңа футбол клубы құрылады

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады, деп хабарлайды Prosports.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таяу уақытта «Тұран» атты футбол клубын құруды жоспарлап отырмыз. Ол премьер-лигада ойнайтын мықты команда болады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің облыстық футбол мектебі ашылады», – деді басқарма басшысы Полат Наурызбайұлы.

Бұдан бөлек өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Тұран» спорт клубын, «Түркістан» кәсіпқой бокс клубын, «Ату және спорттың ұқсас түрлері мектебін», «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған футбол мектебін» және «Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебін» ашу жоспарда бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда Премьер-Лигада 12 команда өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или