«Шахтер» ағылшындық клубта ойнаған футболшыны қатарына алды
Эстония құрамасының футболшысы Сергей Зенев "Шахтер" ойыншысы атанды. Бұл жайында қарағандылық клубтың ресми сайты хабарлады. <br /><br /> Зеневтің соңғы ойнаған клубы Польшаның жоғарғы лигасындағы"Краковия" командасы болды. Сондай-ақ ол, әзербайжандық "Габала", ресейлік "Торпедо", ағылшындық "Блэкпул", украиналық "Карпаты" және эстониялық "Вапрус" пен "ТМФК Таллин" клубтарында ойнаған. <br /><br />Эстония құрамасы сапында Зенев 74 матч өткізіп, 13 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или