Қазақстандық ару футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты
Қазақстандық сәнқой Анна Шәріпова жасырын түрде футболдан әлем чемпионы, Германияның жартылай қорғаушысы, 28 жастағы Андре Шюррлеге тұрмысқа шықты. The Sun басылымының хабарлауынша, олар 2018 жылдың желтоқсан айында үйленген. Алайда бұл жаңалық жақын арада ғана белгілі болған, деп жазады <span>Prosports.kz</span> сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Әлем кубогының иегері қазақстандық Анна Шәріповамен екі жыл бойы кездесіп жүрген. Ал салтанатты түрде үйлену рәсімі футболшының туған қаласы Людвигсхафенде болған.
Неке қию рәсімінде тек жұбайлардың жақындары ғана болыпты.
Ал ару өз Instagram парақшасында қазір жүктіліктің жетінші айында екенін хабарлаған екен.
Англиялық "Фулхэма" футбол клубының жартылай қрғаушысы Премьер-лиганың 22 матчында алты гол соққан.
Айта кетейік, ғашықтардың махаббат романы 2017 жылдың қаңтар айынан бастап айтылған. Шәріпова мен Шюрле Берлиндегі сән көрсетілімдерінің бірінде танысқан. Ал футболшы өз жеке өмірін жалпақ жұртқа жариялағысы келмепті.