«Оқжетпес» Армения чемпионымен кездеседі

«Оқжетпес» Армения чемпионымен кездеседі

Көкшетаулық «Оқжетпестің» кезекті қарсыласы анықталды. Команда келесі жолдастық матчын еревандық «Алашкертке» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жолдастық ойын Белектегі оқу-жаттығу жиындары аясында болады. Кездесу 15 ақпанда Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Айта кетейік, «Алашкерт» Арменияның жоғарғы дивизионында өнер көрсетеді, команда қазір ел чемпионы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или