«Ақтөбенің» бюджеті - 2 миллиард теңге

«Ақтөбенің» бюджеті - 2 миллиард теңге

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мейрамбек Махамбетов Prosports.kz сайтына «Ақтөбе» клубының 2019 жылғы бекітілген бюджеті қанша екенін мәлімдеді.

«Облыс командасының негізгі және дубль құрамын, мини-футбол командасын, футбол орталықтары мен олардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 2 миллиард теңге бөлінген», - деп мәлім етті Мейрамбек Махамбетов.

Естеріңізде болса, өткен жылы Ақтөбе облысының әкімшілігі футбол клубын сатылымға шығарған болатын. Бастапқы құны 100 миллион теңгені құрады. Клубты 108 миллион теңгеге мансабын аяқтаған футболшы Самат Смақов жеті жылға сенімгерлікпен басқару құқығына ие болды.

Бұған дейін Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Марат Айдашев «Ертіс» футбол клубының бюджеті қанша болатынын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
ҚПЛ

ҚПЛ

Казахстан. Премьер-лига - новости, результаты, турнирная таблица, расписание матчей, трансляции, составы

Қаржы

Қаржы

Финансы в спорте

Пікірлер 0