УЕФА «Фенербахче» - «Зенит» матчына байланысты тергеу жұмыстарын бастады
УЕФА Түркияда өткен «Фенербахче» мен «Зенит» арасындағы матчқа (1:0) байланысты тергеу жүргізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында өткен ойында жергілікті жанкүйерлер стадион ішіндегі жолдарды бұғаттап, ресейлік команданы қолдауға келгендерге жарылғыш заттар лақтырған. Оған қоса жанкүйерлер автобусқа пышақ, темір-терсекпен шабуылдаған. Нәтижесінде автобустың терезелері сынып, бірнеше адам дене жарақатын алған. Осы іске байланысты басталған тергеудің шешімі 28 ақпан күні шығады.</span>
<span>Айта кетейік, қарымта ойында 21 ақпан күні Санкт-Петербург қаласыныда өтеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или