«Ақтөбе» екінші жиынын аяқтады
Бүгінгі қалыпқа келу жаттығуынан соң «Ақтөбе» футбол клубы Түркияда екі аптаға созылған екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп жазады prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, екі апта бойы команда күніге екі жаттығудан жасап отырған.

Жиында төрт бақылау матчы өтті:

04.02.2019 "Ақтөбе" - "Алашкерт" (Армения) – 1:1 (Малецки, қаралымдағы ойыншы) 06.02.2019 "Спартак" (Мәскеу) – "Ақтөбе" - 2:2 (Малецки – 2) 09.02.2019 "Ақтөбе" - "Мариуполь" (Украина) – 1:3 (Конте, қаралымдағы ойыншы) 12.02.2019 "Актобе" - "Арда" (Болгария) – 3:3 (Конте, Амос – қаралымдағы ойыншы, Миличевич).

Команданың соңғы жиыны 17 ақпанда басталады. Үшінші оқу-жаттығу жиыны да Белекте өтеді. Жиын аясында бірнеше жолдастық кездесу өтеді.