Спорттық гимнастикадан әлем Кубогына кімдер қатысады
17-25 ақпан аралығында Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан әлем Кубогы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапынан аталған кубоктік додаға кімдердің қатысатыны белгілі болды.
Ерлер арасында Нариман Курбанов, Милад Карими және Аким Мусаев сынға түседі.
Қыздар арасында Аида Бауыржанова мен Жанерке Дүйсекке сенім артылған.
Бүгінде спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Ресейдің Пенза қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или