«Бенфика» ішкі чемпионатта 10:0 есебімен ұтты
«Бенфика» футболшылары Португалия чемпионатының 21-турында «Насьонал» қақпасына жауапсыз он гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері бірінші таймда үш гол соққан. Үзілістен кейін «Насьонал» қақпашысына допты өз қақпасынан 7 рет алып шығуға тура келді. «Бенфика» сапынан он голды сегіз түрлі футболшы соққан.
Бұл «Бенфиканың» чемпионаттағы ең ірі жеңісі саналады. 1964 жылы лиссабондықтар дәл осындай есеппен «Сейшалды» ұтұан болатын.
Португалия чемпионаты. Примейра. 21-ші тур
«Бенфика» — «Насьонал» — 10:0 (3:0)
Голдар: Гримальдо 1 (1:0), Сеферович 21 (2:0), Сеферович 27 (3:0), Секейра 50 (4:0), Пицци 54 (5:0), Феррейра 56 (6:0), Диаш 64 (7:0), Жонас 85 (8:0), Рафа Силва 88 (9:0), Жонас 90+1 (10:0)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или