Акмаль Бахтияров: Қазақстан құрамасында ойнау мен үшін үлкен құрмет

Акмаль Бахтияров: Қазақстан құрамасында ойнау мен үшін үлкен құрмет

«Сочи» ойыншысы Акмаль Бахтияров Prosports.kz сайтына берген сұхбатында ұлттық құрамаға қатысты жағдайды түсіндірді.

«Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау мен үшін үлкен құрмет. Бұл - менің Отаным. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Жасөспірімдер және жастар құрамасында өнер көрсеттім. Құдай қаласа, ұлттық құрамада да ойнаймын деп үміттенемін. Мен бұны қатты армандаймын. Құрамадан қоңырау шалып қалар деп телефоныма күнде бірнеше рет қараймын. Бірақ әзірге бұл үмітім ақталмады, тіпті, мүлде болмауы да мүмкін. Өйткені, «Қайраттан» кеткеннен кейін мен үшін Қазақстанда қиындықтар басталды. Бірақ менің Қазақстаннан кеткім келмегенін бәрі біледі деп ойлаймын. Заңсыз дисквалификациядан кейін мен амалсыз елден кеттім.

Жақында интернеттен ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енгенімді оқыдым. Бірақ клубқа да, жеке өзіме де еш шақырту келген жоқ. Ресми тұлғалардың өзімен хабарластым, алайда олар мені мүлде елемейді.

Кез келген футболшы үшін халықаралық матчтар арман болып табылады. Мен де Қазақстан туы астында өнер көрсеткім келеді. Бірақ «Қайраттан» кетіп қалғаным үшін осы мүмкіндіктен айырылып қалуым мүмкін. Сондықтан, мен ұлттық құраманы таңдау туралы әңгімелеу әлі ертерек екенін айттым. Шынымен мені ұлттық құрамаға ешкім шақырмауы да мүмкін», - деді Акмаль.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или