Астанада «қандастар» турнир өтті
<span>Астанада «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен елге оралған қандастар арасында шағын футболдан «Alash» турнирі өтті. «Кеден» спорт кешенінде өткен бәсекеге жалпы саны 11 команда қатысып, үш топта өзара мықтыны анықтады.</span>
<span>«Отандастар» қорының менеджері, жоба жетекшісі, ақын Талапбек Тынысбекұлының айтуынша, мамыр айында «Alash» турнирі республикалық деңгейде өтеді. Шағын футболдан «Alash» қалалық турнирі өтетіні туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Жарыс бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мақсаты - бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Турнир қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі үш сатыны қамтиды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или