Бразилияда жас футболшылар өртеніп кетті

Бразилияда жас футболшылар өртеніп кетті

Бразилиялық «Фламенго» клубы базасында болған өрттен жас футболшылар қаза болды, деп хабарлайды Prosports.kz.  

«Фламенго» клубының жаттығу базасы Рио-де-Жанейро аумағында орналасқан. Өрттен 10 адам қаза болған. Оның алтауы - жас футболшылар.

Қайтыс болғандар - 15 жасар Бернардо Писетта, Кристиан Эсмерио, Атила Паишау, 14 жасар Артур Виниций, Пабло Энрике, Виктор Исайя.

Тағы үш футболшы ауруханаға жеткізілді. 15 жасар Джонатан Вентура қазіргі таңда өте ауыр жағдайда жатыр — жасөспірімнің денесінің жартысы күйіп кеткен.

14 жастағы Эмануел Нуньес мен 15 жастағы Диого Алвестің жағдайы қалыпты.

«Фламенго» — Бразилиядағы атақты элиталық дивизион командаларының бірі. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или