Әйелінің егіз босанғанын естіген футболшы ойынды тастай жүгірді
Англиялық «Ньюпорт Каунти» клубының қақпашысы Джо Дэй футбол ойынынан соң әйелінің егіз босанғанын естіп, перзентханаға жүгірген.
Оқиға «Ньюпорт Каунти» мен «Миддлсбро» арасындағы ойын аяқталған соң болды.
Дэй журналистерге берген сұхбатында әйелі екеуі ойын кезінде толғақ басталатынын сезгенін айтқан. Жұбайы өзіне алаңдамауын сұрап, жолдасынан алаңға шығып ойынға қатыса беруін өтінген.

Нәтижесінде, Дэйдің командасы кубок ойынында 2:0 есебімен жеңіскен жетті.
Төрешінің соңғы ысқырығы шалынған соң, қақпашы егіз қыздары өмірге келгенін естіген. Кадрдан футболшының жеңісті тойлауға мұршасы болмай, перзентханаға жүгіргенін байқауға болады.
@NewportCounty goalkeeper Joe Day's wife has been close to giving birth to twins for days.

Tonight, she went into labour during The Exiles' 2-0 win over @Boro.

At the FT whistle, Joe raced straight down the tunnel to be with his wife.

Good luck Joe and family! pic.twitter.com/w46gD2GjoM
— The Emirates FA Cup (@EmiratesFACup) 5 февраля 2019 г.