Эмилиано Саланың әуе апатынан қайтыс болғаны ресми хабарланды

Эмилиано Саланың әуе апатынан қайтыс болғаны ресми хабарланды

Бейсенбіде Ла-Манш түбінен құлаған ұшақ табылып, ішінен адам денесі шығарылды. «Кардифф Сити» шабуылшысы Эмилиано Сала отырған ұшақ осы аймақта құлаған болатын. Полиция дененің кімге тиесілі екенін анықтау үшін сәйкестендіру процедурасын өткізді, деп хабарлайды Proports.kz.

Ла Машн түбінен табылған дене Салаға тиесілі екені ресми хабарланды. Денені жағаға шығару жұмыстарын Британия әуе оқиғаларын зерттеу бойынша комиссия мен футболшының туыстары жалдаған компания жасады.

Естеріңізге салсақ, 28 жастағы Сала осы қысқы трансферде «Нанттан» «Кардифф Ситиге» ауысқан болатын. Ол британиялық клубтың тарихындағы ең қымбат футболшы атанған еді.

21 қаңтарда форвард жеке ұшақпен Уэльске ұшқан, бірақ қонуына бір сағат қалғанда әуе кемесі радарлардан көрінбей қалды. Кейін іздеу тобы Ла-Манш түбінен ұшақ тауып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или