Блащиковский жаңа клубында айына 50 мың теңге жалақы алмақ

Блащиковский жаңа клубында айына 50 мың теңге жалақы алмақ

Жұма күні краковтік «Висла» Якуб Блащиковский команда сапына ауысқанын хабарлайды.

Польшалық инсайдер Томаш Влодарчиктің айтуынша, Якубтың бұл клубтағы жалақысы 116 еуро (шамамен, 50 мың теңге) болмақ, бұл кәсіпқой футболшыға берілетін ең аз айлық саналады. Блащиковский бүкіл айлығына матчқа билеттер сатып алып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беріп отырмақ.

«Висламен» келісімшарт жарты жылға жасалған.

33 жастағы Якуб «Висла» сапында 2005-2007 жылдар арасында ойнаған еді. Қазір клуб қаржылық қиындыққа тап болды. Сондықтан, Блащиковский өз командасына көмектесу үшін ең аз жалақы сұраған

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или