«Атырауға» хорватиялық қорғаушы ауысып келді

«Атырауға» хорватиялық қорғаушы ауысып келді

«Атырауға» футбол клубы Еуропа алаңдарында үлкен тәжірибе жинаған хорватиялық қорғаушы ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3Ивица Жунич - 1988 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келген. Футболдағы кәсіби мансабын босниялық «Электробосна» және «Томислав» командаларында бастаған. 20 жасында Австрия чемпионатына ауысып, «Маттерсбург II» және «Аустрия II» командаларында доп тепті.

Ал 2012 жылы тамызда польшалық «Тыхы» командасымен келісімшарт жасасты. Аталған командада екі жыл өнер көрсеткеннен кейін Жунич Украина чемпионатына келді. Онда «Волынь» және «Черноморец» командаларының намысын қорғады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или